+7-7172-27-89-93
010000, г. Астана, ул.Кенесары 40

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ауыл шаруашылықғының ғылымының кандидаты, доцент Болатқали Тулебаевтің тілегі

21 сентября, 2017

Ішінде бастықтардың, мамандарың,

Жеттің бе Семинарға аман бәрің.

Қарық боп қарлығаштар жүрсіңдер ме,

Нарық боп көрген күнің, замандарың.

               Аман ба Ақжайығым, далаларың,

               Аман ба, келіңдерім, балаларың.

               Аман ба Ақжайықтық азаматтар,

               Өргізген төрт түлікті салаларың.

Дән шығар, келсе егер, шамаң жерге,

Мүмкіндік беріп тұр ғой заман ерге.

"Қанаттың қанаттары талмасын"-деп,

Айтайық жақсы тілек "Аманерге".

               Ырзамыз Астаналық қонақтарға,

               Қанықтық ұрық жайлы мол ақпарға.

               Суминов Александр мықты маман, 

               Өткізген "мастер-класс" олақтарға.

Ісіне мығым екен Қанаттың да,

Жүргесін Қабыл аға қанатында.

Атақты Ақбас сиыр Палатасы,

Әрқашан озат ұйым санатында.

               Атақты Мақсот Кенже ағамыз бар,

               Қамқоршы інілерге, жағамыз бар.

               Табанды болу керек мал маманы,

               Тайдырмас тайғақта да тағамыз бар.

Ел үшін еңбектенген Лавр зерек,

Жігітке табандылық, сабыр керек.

Өркендеп, өсіп жатса асыл малдар,

Береді дүйім елге Лавр дерек

               Жігіттер ер жүректі, дәтті болды.

               Ақ дәмі дастарханның тәтті болды.

               Дегендей сабақты ине сәтіменен,

               Семинар Оралдығы сәтті болды.

 

Болатқали Тулебаев

(21.09.2017)