Жалықпай таңдап жеген қырдың гулін,
Май тамған, қызыл мақпал тартсаң жүнің.
Жотасы жұмырланған жолбарыстай,
Апай төс, аршын кеуде, сүтінде май.
Бұл малдың өзі құтты, сүтінде май,
Малшының мұны баққан көңілі жай.
Шөп таңдап, күтім сұрап жерінбейді,
Қыс пен жаз құйымшақтан арылмас май.
Ақмаңдай көркемдіктің нышанындай,
Маңқиып төрт аяғын басады жай.
Төзімді суығыңа, ыстығыңа,
Жүгірмес сәйгел келсе басқалардай.