+7-7172-27-89-93
010000, г. Астана, ул.Кенесары 40

22-ші қыркүйекте БҚО-ның Орал қаласында өткен "қатемен жұмыс" атты аймақтық семинар

22 сентября, 2017

Ағымдағы жылы, қыркүйектің 22-ші жұлдызында Батыс-Қазақстан облысының ауыл шаруашылық басқармасында, Қазақтың ақбас тұқымының Республикалық Палатасы Ақпараттық талдау жүйесінің (АТЖ) республикалық асыл тұқымды мал шаруашылығындағы асыл тұқымды жұмысты жүргізуінің  ақпаратты талдауы  бойынша деректер базасының техникалық қолдауы атты ("Қатемен жұмыс")  үйрету семинарын өткізді.    

Семинарда Батыс-Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының ақпарат талдау жүйесінде жұмысты іске асыратын Палата мүшелерінің мамандары мен жоғарыда аталған облыстардың жергілікті атқарушы билік органдарының, осы іс-шараға тікелей қатысы бар мамандар шақырылды. Аталған жүйенің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыру мақсатында, аталмыш семинарлар республикамыздың барлық өңірлерін қамтып, осы жылдың аяғына дейін өткізілу көзделіп отыр.

Семинар барысында Палата менеджері Ермухамед Сәдуақасов, қатысушыларға Палатаның жалпы құзырлары мен саясатын; асыл тұқымды дәрежесі мен сату кезінде рәсімделетін асыл тұқымды куәліктерді дайындау өтініштерін бергендегі шаруашылық-мамандарының жиі жасайтын «жалпы» қателіктері; селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қорын дұрыс жүргізу, әрі толық мәліметтерін енгізу; зоотехникалық оқиғалар туралы деректерді енгізудегі жас малға қойылатын талаптар; ақпараттық талдау жүйесін жетілдірудегі Палатаның қосқан үлесі мен ұсыныстары жайында және көптеген т.б. өзекті мәселелер көтеріліп, талқыланды.

Одан қоса, АТЖ-нің мамандарының ақпарат қорын толтыру барысындағы жұмысының жауапты, әрі жауапкершіліктілігі жайлы ескертілді.

Баяндаманың соңында, алдыңғы білімді өткен біліммен салыстыра, ұштастыра отырып, түсінбеген жерлерін қайта түсінідіріп, қатысушылар мен арнайы шақырылған қонақтарға, көкейінде жүрген көп сауалдары мен ұсыныстарына мүмкіндік  бере отырып, толығымен санасына жеткізе білдік және  жауап бердік - деген үмітпен қайта оралдық.

Семинар аясында білімімізді одан әрі шыңдай түстік, кездесүіміз тартымды әрі қызықты өтті.

Мақаланы  қорыта келе, ақын Міржақып Дулатовтың  «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу»  - деген сөздерімен тәмәмдаймыз.